“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ер адам асыққан жедел жәрдемді өткізу үшін қымбат көлігінің терезесін сындырды (видео)

Ер адам асыққан жедел жәрдемді өткізу үшін қымбат көлігінің терезесін сындырды (видео)

Екатеринбург қаласында иномарка иесі жедел жәрдем көлігінің әрі қарай өтіп кетуі үшін терезесін сындырды.

Оқиғаның видеосы «Вконтакте» желісіндегі «Инцидент-Екатеринбург» тобында жарияланды.

Канал мәліметінше, науқасқа бара жатқан жедел жәрдем көлігінің жолына Hyundai Sonata көлігі кедергі жасаған. Автокөлік моторы істеп тұрғанымен, рөлде ешкім болмаған.

Жедел жәрдем жүргізуші бипілдетіп, артынша дауысты қатты шығаратын құралмен сөйлей бастаған. Өзін шақырғанын естіген көлік иесі есігін аша алмай қояды. Осыдан кейін ер адам көлігіне терезесін сындырып отырып, темір тұлпарын шетке қарай айдайды.

«Есік ашылмай қалды. Бүгін көлік жуған едім. Содан қатып қалған болуы керек», — дейді жүргізуші.

Автор
Айбар