Танымал әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Әнші өз жазбасында:
"Жібек қызымыз ұзатылды, Ерасыл екеуі бақытты, ғұмырлы болсын!" – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Жарияланған сурет пен видео астына желі қолданушылары мыңдаған лүпіл қалдырып, Мақпал Жүнісованың сән-салтанатты образына ерекше таңданыстарын білдірді.
Пікірлер арасында: "Уааау, өте әдемі болыпсыз!", "Көйлегіңіз керемет, жарасып тұр", "Патшаханым!", "Тіл-көзден сақтасын, әдемілігіңізден айнымай жүре беріңіз", "Энергиясы тасып тұр", – деген жылы лебіздер жиі кездеседі.