Мас күйінде көлік жүргізгендерге берілетін жаза жеңілдей ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үндістанда көз жұмған 16 жасар жігіттің анасы ұлының ұрығын елге жеткізуді сұрады

Үндістанда көз жұмған 16 жасар жігіттің анасы ұлының ұрығын елге жеткізуді сұрады
Фото: ашық дереккөз

Үндістанда ем қабылдау кезінде көз жұмған 16 жастағы Сұңқар Сәбиттің анасы ұлының ұрығын Қазақстанға жеткізуге көмек сұрады, деп хабарлайды kznews.kz. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қызылорда облысының тұрғыны Сұңқар Сәбит биыл 20 сәуірде Үндістанның Дели қаласында қатерлі дерттен қайтыс болған.

Марқұмның анасы ұлының ұрығын Қазақстанға әкеліп, арнайы медициналық мекемеде сақтағысы келетінін айтқан. Журналист Руслан Өтепбай бұл мәселені шешу үшін Үндістанға аттанатынын хабарлады.

Бұған дейін Сұңқардың анасы Райхан Мәлікова ем іздеу барысында делдалдардың құрбаны болғанын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, барлық қаражатын жұмсағанына қарамастан, үндістандық дәрігерлер баласына толыққанды ем жүргізіп үлгермеген. Жасөспірім шетелге барғаннан кейін 12 күннен соң көз жұмған.

Ал Сұңқарды Үндістанға апаруға көмектескен «Medical Travel» компаниясының өкілдері марқұмның анасынан ешқандай қаржы алмағандарын мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.