Ғабит Мүсрепов атындағы театрдың актрисасы Динара Нұрболат «LEP podcast» бағдарламасына қатысып, жеке өміріне қатысты ойларымен бөлісті. Актрисаның бұл сұхбаты әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сұхбат барысында ол анасына көрсете алмаған мейірім мен құрметті енесіне арнағысы келетінін айтты.
«Енемнің аяғын жуып, батасын алсам деймін. Себебі анамның аяғын жиі жуа алмадым, тек өзім шомылдырдым. Анама арнаймын деп ойлаған барлық жақсылығымды енеме жасағым келеді», – деді ол.
Актрисаның бұл пікірі желі қолданушылары арасында әртүрлі реакция тудырды. Кейбірі оның сөзін қолдаса, енді біреулері түсінбеушілік танытты.
Пікірлер арасында: «Ене келініміз осындай болсын демей, қызымыз сендей болсын деп тілейік», «артық мақтанның қажеті жоқ», «осындай келіннен айналып кетесің», «барлық келін осындай болса ғой» деген жазбалар жиі кездеседі.