Білім

Енді ҰБТ болмауы мүмкін: Министр жаңа реформаны жариялады

Енді ҰБТ болмауы мүмкін: Министр жаңа реформаны жариялады
sengchoy/Getty Images

Алдағы жылдары мектеп түлектері ҰБТ тапсырмайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі ҰБТ форматы халықаралық деңгейде мойындалмайды – оны шетелдік университеттер де, ел ішіндегі шетел филиалдары да қабылдамайды. Inbussines.kz сайтының жазуынша, бұрынғы тест жүйесі тек сұрақ пен жауапты жаттап алуға негізделгендіктен, білімді анықтаудағы тиімділігі төмендеген.

Саясат Нұрбек енгізуді жоспарлап отырған жаңа жүйе сыни ойлауды бағалауға бағытталады. Оның орнына әлемде кең тараған SAT форматына көшу көзделіп отыр.

ҰБТ-2026 басталуына шамамен екі ай ғана қалды. Дәл осы кезеңде министрлік түбегейлі реформа дайындауда. Министрдің сөзінше, қазіргі ҰБТ "қажеттілігі жойылғанға дейін" қолданыста қала береді.

Ол ата-аналардың алаңдаушылығын сейілтуге тырысып, толық формат ауысуы бірден болмайтынын жеткізді. Жаңа тестті әзірлеу мен толық енгізуге кемінде екі жыл қажет. Сондықтан өзгерістер алдағы жылдары мектеп бітірушілерге әсер етпейді, тек кейінгі буынға қатысты болмақ.

Министрдің айтуынша, бұл бағытта қазірдің өзінде "бес жылдық кешенді жоспар" дайындалып жатыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz