KZNEWS.KZ
Қоғам

Енді сарбаздарға телефон қолдануға рұқсат етіледі

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Қарулы Күштерінде сарбаздарға қатысты жаңа өзгеріс енгізілді — енді казармада ұялы телефон пайдалануға рұқсат берілді, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Жаңартылған ережеге сәйкес, әскери қызметшілер телефондарын казармаға дейін өшірулі күйде алып келіп, қайта алып шыға алады. Сонымен қатар, құрылғыларды өз бөлімшелерінде және әскери-медициналық мекемелерде қолдануға мүмкіндік бар.

Телефонды пайдалану уақыты әр бөлімде жеке белгіленеді — оны командирлер анықтайды.

Айта кетейік, бұған дейін сарбаздарға тек батырмалы телефон қолдануға рұқсат етіліп, оны да шектеулі уақытта ғана пайдалануға болатын.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →