KZNews.kz
Қоғам

«Енді мені ұра алмайсыңдар»: Шымкентте 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Айжан Сыланова

Қайғылы жағдай №32 мектепте болған. Баланың әпкесі де буллингтің куәсі болғанын айтады. Алайда мектеп әкімшілігі оқушыға қысым көрсетілгенін жоққа шығарып отыр.

Марқұм өлер алды хат қалдырған.

Жазбасында сыныптастарыныңаттарын атап: "Доспын деп жүргендер, қуаныңдар. Енді мені көре алмайсыңдар. Енді ешқайсың да меніұра алмайсыңдар" деп жазған.

Қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның туыстары кінәлілерді және мектеп басшылығын жауапқа тартуды талап етуде.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →