2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда азаматтардың атына алаяқтар заңсыз рәсімдеген несиелер үшін енді ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Мұндай жағдайда қарызды банк өз қаражаты есебінен жабуға міндетті, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы ақпаратты Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Біздің ұсынысымыз қабылданды: 2025 қыркүйегінен бастап биометрия дұрыс өтпей рәсімделген алаяқтық несиені банк өз есебінен жабады", – деп жазды депутат.
Яғни, егер азаматтың атына биометриялық сәйкестендірусіз немесе заңсыз тәсілмен несие рәсімделсе, енді банк клиентті жауапкершіліктен босатып, қарызды өзі жабуға тиіс.