Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Енді Instagram-да дыбыстық хабарлама жіберуге болады

Енді Instagram-да дыбыстық хабарлама жіберуге болады
11 Желтоқсан 2018, 19:11 142 0

Алматы, BAQ.KZ. Instagram Direct-те дыбыстық хабарлама жіберу мүмкіндігі пайда болды. Бұл жайында әлеуметтік желі "Твиттерде" жазды.

Оның жұмыс істеу тетігі өзге әлеуметтік желілерге ұқсас, хат жазу жолағының жанында микрофонның бейнесі қойылған. Осылайша қолданушылар енді 1 минуттан асатын дыбыстық хабарламаны жібере алады.

Жаңартылу әлем бойынша iOS және Android-та бір мезетте орын алған. Дыбыстық хабарлама уақыт өте келе жоғалып кетпейді.

Бұған дейін әлеуметтік желі "сториз" мүмкіндігін кеңейткен еді. Ол үздік достар тізімін жасап, жоғалып кететін бейнелерді жүктеп қою үшін қолайлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Әлихан