Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Еңбек демалысының аздығы адам өміріне қауіпті - ғалымдар

Еңбек демалысының аздығы адам өміріне қауіпті - ғалымдар

Хельсинки университетінің кардиолог ғалымдары зерттеу жүргізіп, аз уақыттық еңбек демалысы жүрек және қан тамырлар ауруларынан көз жұму қатерін арттырып, өмір ұзақтығына әсер етеді деген шешімге келді.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі MedikForum басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Адам жылына кемінде 4 апта еңбек демалысында болуы керек», - дейді ғалымдар.

Зерттеуге 40 жастан асқан 1 222 ер адам қатысқан. Олардың қатарында артық салмақтан зардап шегетіндер, зиянды әдеттерге үйірлері де бар.

Қатысушылардың әрбірі жүрек-қан тамырлар аурулары бойынша қатерлі топқа кіреді екен.

Нәтижесінде ғалымдар адам өмірінің ұзақтығы оның еңбек демалысының ұзақтығымен байланысты деген тұжырым жасады. Себебі көп жағдайда салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың өзі жеткілікті түрде демалатындардан ерте қайтыс болған.

stan.kz

Автор
Еркебұлан