Танымал композитор марқұм Арман Дүйсеновтың жары Айсұлу алғаш рет ел алдында сұхбат беріп, көмек сұраған еді. Қазір оған қолдау сұрап, оның адвокаты да елге, әсіресе өнер адамдарына үндеу жасады. Бұл туралы ол өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Адвокаттың айтуынша, Айсұлудың басына түскен ауыртпалықты сөзбен айтып жеткізу қиын:
«Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу ханымның басына салғанын, ешкімнің басына салмасын. Әуелі жолдасы Арманның, одан кейін баласы Абылайдың қазасы, енді міне сот қалған отбасы мүшелерін үйден шығару туралы шешім де шығарған».
Ол ұсынылған құжаттарды зерттей келе, істің күмәнді тұстары бар екенін атап өтті:
«Маған ұсынылған құжаттарды зерделей отырып, бұл істің көлеңке жақтары өте көп екенін аңғардым».
Адвокат Айсұлудың психологиялық және денсаулық жағдайы нашарлағанын да алға тартады:
«Қарап отырсам жүйкесі жұқарып, денсаулығы да сыр берген. Менің көзімше қанша рет дәрі ішті».
Ол халықты Айсұлуды жалғыз қалдырмауға шақырып, өнер өкілдерінің үнсіздігіне де тоқталды:
«Кезінде Шерзаттың ісінде өнер адамдары, блогерлер қайғылы оқиғаны көтеруден қашқақтап шет қалғандары естеріңізде шығар... Таныс әншіден сұрағанымда, бізді жинап алып тыныш отырыңдар деген соң — отырдық деп жауап бергені бар еді».
Сонымен бірге белгілі әншілердің есімін атап, олардың қолдау көрсететініне үміт білдірді:
«Деседе кеше Арманмен ән салып, дастархандас болған @gazizkhan, @m_besbaev, @saken_maigaziyev, @toktar_beibit, @karakat_kydyrali_jj, @rinat_zaitov_resmi сияқты тағы да басқа “ірі азаматтар” да үн қатып, ең болмағанда репост жасап қолдайды деген үміттемін».