«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елжан Біртанов қолды қалай жуу керектігін көрсетті - Қазақстан жаңалықтары

Елжан Біртанов қолды қалай жуу керектігін көрсетті - Қазақстан жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов #SafeHands челленджіне байланысты қолды қалай жуу керектігін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қымбатты достар! Мен #SafeHands эстафетасын дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі, доктор Тедростан қабылдаймын. Достар, өзімді коронавирус инфекциясынан қорғау үшін қарапайым гигиена ережелерін ұстануға шақырамын. Ең бастысы - қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз. Бұл бейнеде қолды қалай жуу керектігін көрсетемін", - деді Біртанов.

Ол сонымен бірге қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салды. "Мен сізден осы күндері үйде болуды өтінемін, қонақ шақырмаңыз және өзіңіз де бармаңыз. Сондай-ақ үйлеріңізді күніне кемінде екі рет желдетіп, күнделікті дымқыл тазарту жұмыстарын жүргізіңіз. Әрқашан сау болыңыз!", - деді министр.

Ол эстафетаны Айдын Рахымбаевқа, Арманжан Байтасовқа, Нұртас Адамбайға, Әлішер Елікбаевқа, Ерлан Манатаевқа, Динара Сәтжанға, Эля Алиеваға және басқаларға тапсырды.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан