KZNews.kz
Шоу-бизнес

Елордалық екі полицейдің есірткі қылмысымен айналысқаны анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Жандос

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұр-Сұлтан қаласында есірткі сатумен айналысқан полиция қызметкерлеріне сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2018 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары М. Кантуриннің және тергеу басқармасының тергеушісі М.Әзімханның (салмағы 658 грамм) есірткі сатумен айналысқан заңсыз іс-әрекеті және лауазымын асыра пайдаланғанын анықтады. Қылмыстың жолы кесілді", - деп жазылған хабарламада.

2019 жылғы 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен М. Кантурин және М.Әзімхан ҚР Қылмыстық кодексі бойынша айыпты деп танылды. Олар 10 жылға және 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруы құқығынан айырылды. Жазасын қатаң және орта тәртіптегі мекемеде өтейді.


stan.kz
Жандос
Автордың басқа материалдары