“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елордада вирус жұқтырған екі пациент ауыр хәлде жатыр

Елордада вирус жұқтырған екі пациент ауыр хәлде жатыр

Коронавирус індеті анықталған екі науқас стационарда өкпені желдету аппараты арқылы тыныс алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққан екі адамның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Стационарда жатқан екі пациенттің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Өкпені желдету аппараты арқылы тыныс алып жатыр. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық", - деді Қисықова онлайн брифингте.

Айта кетсек, бүгінде республика бойынша ең көп науқас Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында тіркеліп отыр.

Екі мегаполис те карантинге жабылған.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда тіркелген 16 науқас індетке қалай шалдықты

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 251 адамға жетті. Оның ішінде 18 адам жазылып шықты, Ақмола облысында бір адам қайтыс болды.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан