Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы ата-аналарға мүмкіндігінше балаларды балабақшаға жібермеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма өкілдері балабақшалар өз жұмыстарын тоқтатпайтынын атап кетті. Дегенмен соның өзінде балаларды балабақшаға жібермеуге кеңес берді.
«Балабақшалар жұмыс істейді. Ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды үйде қалдыруға кеңес береміз. Құрметті ата-аналар, сақтық шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!» - деп қосты басқармадағылар.
Еске салайық, бұған дейін коронавирусқа байланысты мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығатыны жайлы айтылған еді. Өз кезегінде вице-премьер Ералы Тоғжанов балабақшалар өз жұмысын жалғастыранын алға тартты.
stan.kz