Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елорда жаңалықтары: №53 автобустан өрт шықты

Елорда жаңалықтары: №53 автобустан өрт шықты

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетіп, жалынды сөндірген

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Қазақстанның елордасында №53 жолаушылар автобусынан өрт шықты.

Оқиғаның мән-жайын Astana LRT компаниясының қоғаммен байланыс қызметі басшысы Науат Азанбаева айтып берді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда автобус үш көлікпен соқтығысты - видео

"Бүгін Қабанбай батыр даңғылы бойында "ЭКСПО Плаза" аялдамасында №53 қалалық автобустың моторынан өрт шықты. Аялдамаға тоқтаған жүргізуші қоғамдық көліктің арт жағынан түтін шыққанын байқаған. Ол тез арада жолаушыларды сыртқа шығарды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өртену себебі анықталып жатыр", - деп мәлімет берді көлік компаниясының өкілі.

Жүргізуші моторды қарап, бірден өрт сөндірушілерді шақырған екен.

Тағы оқыңыз: Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтіп, жолаушыны жарақаттады - фото

Оқиға орнына жеткен өрт қызметі қоңырау түскен соң он минут ішінде жалынды сөндірді.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан