Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы тәулікте еліміздің екі облысында дабылды ескерту жариялады.
21 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, тұман тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 18 м/с-ке жетеді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 %
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер: