Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Еліміздегі қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар – ІІМ

Еліміздегі қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар – ІІМ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров елімізде қылмыстарды көбіне қандай санаттағы азаматтар жасайтынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

«Қылмыс деңгейіне 250-ден астам фактор әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Олардың қатарында әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, табиғи, демографиялық және басқа да жағдайлар бар», - деп мәлім етті Ренат Зұлқайыров

Спикер ұсынған ақпаратқа сәйкес, мына санаттағы қазақстандықтар жиі қылмыс жасайды:

- қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар;

- жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 47%-ын еш жерде жұмыс істемеген немесе оқымағандар жасайды;

- адамның жеке басына қатысты қылмыстардың 50%-ы мас күйде жасалады;

- елордада қылмыстың тең жартысын өзге аймақтардан келгендер жасайды.

Ренат Зұлқайыровтың мәлімдеуінше, бұл мәселелерді тек күш қолдану шараларымен шешу мүмкін емес. Сондықтан «Қоғаммен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» әзірленіп жатыр.

Автор
Еркебұлан