Астанадағы №54 мектеп-лицейінің еліміздегі орта білім ордаларынан ерекше екенін көпшілік біле бермейді. Оқу орнында айрықша ұстаздар бөлмесінен бастап, оқушыларға арналған анти-кафеге дейін бар. Ал ең қызығы, білім ордасының тізгінін жасы 27-ге енді келген жас ұстаз Шәкәрім Сейсенбай ұстап отыр. NUR.KZ тілшісі еліміздегі ең жас мектеп директорымен сұхбаттасып, жас маманның табысқа жетуінің құпиясымен танысып қайтты.
Фото: Instagram
- Шәкәрім, сіз көпшілікке еліміздегі ең жас мектеп директоры ретінде танылдыңыз. Әрине, қазақта "жас келсе іске" деп жатады. Десе де білдей бір мектептің тізгінін осындай жас кезіңізде ұстауға жүрексінбедіңіз бе?
- Негізі білім саласында жүргеніме 10 жылдан астам уақыт өтіпті. Мектепте мұғалім болып жұмыс істеген уақытта, онда қандай да бір өзгеріс енгізу үшін мектеп басшының ролі маңызды екенін түсіндім. Сондықтан өзімнің ойымдағы идеяларды іске асыру үшін бір мектепті басқарып көру керек деген шешімге келдім. Сондай-ақ, мектепті басқару үлкен тәжірибе, таптырмайтын мүмкіндік екенін түсіндім. Сөйтіп өтінім жазып, арнайы сынақтан өтіп, осы қызметке келдім.
Дереккөз: kaz.nur.kz