ка

Еліміздегі бірнеше ірі автожолдар жабылды

11.02.2019 13:11
0
61
Еліміздегі бірнеше ірі автожолдар жабылды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты "Үшарал-Достық", "Алматы-Өскемен" және "Талдықорған-Қапал" автожолдары жабылды.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысында бірнеше тас жол жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚФ және Алматылық "ҚазАвтоЖол" ФБ ЖШС хабарлауынша, 6-ақпан күні сағат 12.54 бастап, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (боран, көріністің мүлде нашарлауы), "Алматы-Үшарал" (Көктума аул.) (83-184 км), (Достық бекеті) республикалық маңыздылығы бар автожол барлық көлік құралдары үшін жабылды.

Сонымен қатар 6-ақпан күні сағат 15.20 бастап, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (боран, көріністің мүлде нашарлауы), "Алматы-Өскемен" (482-558 км), (Көлбай аул. –Ушарал) республикалық маңыздылығы бар автожолмен жүк көліктеріне жүруге тиым салынды.

Бұдан бөлек, 6-ақпан сағат 09.30 бастап, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (боран, көріністің мүлде нашарлауы), "Талдықорған-Қапал" (0-45 км) облыстық маңыздылығы бар автожол барлық көлік құралдары үшін жабылды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий