Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Батыс Қазақстанда көктайғаққа байланысты бірнеше трасса жабылды

Батыс Қазақстанда көктайғаққа байланысты бірнеше трасса жабылды

2018 жылғы 12 желтоқсан 20:40 100

  ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты бірнеше автожол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазгидромет" РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 13-14 желтоқсан күндері өңірде күн жауын-шашынды болып, тұман түсіп, қатты көктайғақ болады деп күтілуде.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, трассалар сағат 19.00-ден бастап жабылған.

Атап айтқанда, облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын бағытында барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Сол секілді республикалық маңызы бар Орал-Атырау, Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-Жәнібек жолдары да жабылды.

«Қазіргі кезде жолдардың жабылғаны жөнінде тұрғындарға ескертілуде», - деп хабарлады ТЖ департаментінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста көктайғаққа байланысты жолдардың жабылғанын, сондай-ақ Оралда жарақат алғандардың саны 200-ден асқанын жазған болатынбыз. Ауа райының бұзылуынан жол-көлік оқиғалары да жиілеп отыр.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Бауыржан