«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған мобильді қосымша жасалды

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған мобильді қосымша жасалды

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін Tozbe арнайы мобильді қосымшасы әзірленді деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.


Жобаны Haileybury мектебінің оқушылары Аликсения Мартышева, Аружан Нүсіпжан, Сания Мұхамбетқалиева, Дана Скороходова, Селин Четиннели және Мира Унгарова жасап шығарды.
Tozbe кітап оқуға арналған қосымшаға ұқсайды, бірақ экранның бұрышында көрінбейтін батырма жасырылған. Егер оны басса, пайдаланушы Tozbe-ге ауысады.

Қосымша дауыстық пәрмен арқылы іске қосылады. Пайдаланушы  қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде кодтық сөз орнатады.

"Tozbe-де өзіңіз туралы ақпаратты толтырып, байланыс нөмірін көрсетуіңіз керек. Қауіп төнген жағдайда,  контактіге немесе контактілерге қауіп төнген пайдаланушының геолокациясы SMS түрінде жіберіледі. Сондай-ақ бағдарлама не болып жатқанын дыбықтық жазбаға сақтай алады", – дейді әзірлеушілер.

Жақын арада ол іске қосылады.

Автор
Еркебұлан