Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

елімізде ауа райы күрт бұзылады

елімізде ауа райы күрт бұзылады

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бүгін Қазгидромет мамандары Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Синоптиктер жариялаған ескертулердің бірі – Қызылорда облысында өзен суы деңгейінің көтерілуі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мұздық құбылыстарға байланысты Сырдария  өзені – Қазалы қаласы (Қызылорда облысы) су деңгейі 630 см дейін көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады", - делінген ақпаратта.

Мәліметте шекті деңгей 743 см деп көрсетілген. Яғни, бұл көрсеткішке жеткенде елді мекенді су басу қаупі пайда болады.  

"Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі", - деп жазылған хабарламада.

10 қаңтарда Қызылорда облысында тағы бір дабылды ескерту жарияланды.

"Өңірдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кейбір аумақта 15-20 м/с жетеді", - делінген ақпаратта.

Бұған қоса, ертең Түркістан облысында ауа райы бұзылады.

"Кей жерлерде тұман түседі. Күндіз кейбір аумақта оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан қаласын түнде және таңертең тұман басады", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Қазгидромет синоптиктері 10 қаңтарда  Қостанай облысында дабылды ескерту жариялады. Олар аймақтың кей жерлерінде тұман сақталады дейді.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан