ка

Елімізде аномальды жылудан кейін күн суытады

16.03.2019 04:58
0
0
Елімізде аномальды жылудан кейін күн суытады

Кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр, жылбызғы қар, желдің күшеюі күтіледі.

Қазақстанға суық антициклон жылжып, 16-18 наурыз күндері республиканың көптеген облыстарында температура төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

"Ауа температурасы климаттық нормадан 5…13°С жоғары аномальді жылы ауа райынан кейін Қазақстанға суық антициклон жылжып, республиканың көптеген облыстарында температураның төмендеуін тудырады", деп хабарлап отыр синоптиктер.

Бірақ антициклон кіруінің алдында Қазақстан арқылы жылжыйтын суық атмосфералық фронттармен кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр, жылбызғы қар, жел күшейеді. Сонымен қатар әдеттегідей көктемнің алдында түнде және күндіз тұман түседі. Ол 500 м қашықтыққа дейінгі көріністі нашарлатады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий