Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елімізде аяз күшейді

Елімізде аяз күшейді

2018 жылғы 12 қараша 13:32 73

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан Қазақстанға жылжыған ауқымды және күшті антициклон республиканың барлық аймағын айтарлықтай суытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Жексенбі күні ауа температурасы осы маусымдағы қалыпты күн райынан 3...8°С төмен болды, ал солтүстік және шығыс облыстарда 10...15°С төмендеді.
Тек қиыр оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жылы болды. Бірақ, антициклонның шығысқа ауысуы мен суықтың келуіне байланысты осы аудандарда да алдағы тәуліктерде айтарлықтай суық болуы мүмкін.
Сондықтан алдағы үш тәулікте антициклонның ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде суық және жауын-шашынсыз ауа райы болады. Бірақ, 15 қарашада күндіз ауа температурасы аздап жоғарылауы мүмкін.
12 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады. Дауылдың ықтималдылығы 90-95 %.

12 қараша күндіз, 13 қарашада тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болатын жел соғады. Дауылдың ықтималдылығы 90-95 %.

Автор
Арман

Журналист