Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Жапония қаласындағы өтіп жатқан WTA 500 турнирінің алғашқы кезеңін сәтті бастады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рыбакина 1/8 финалда әлемдік рейтингтегі 22-орындағы Канадалық Фернандеспен өзара мықтыны анықтады.
1 сағат 28 минутқа созылған тартыстың екі сетінде де Елена басым түсіп - 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Осылайша Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды. Ол енді бұл турнирдің ширек финалынан сүрінбей өтсе, қараша айында Сауд Арабиясында өтетін Эр-Рияд WTA турниріне қатысу мүмкіндігіне ие болмақ.. Айта кетейік, Токио турнирінің жүлде қоры — 1 064 510 доллар. Ал жарыстың жеңімпазы 164 мың доллор сыйақы мен 500 рейтингілік ұпайға ие болады. Естеріңізге салсақ, Елена Рыбакина соңғы рет Қытайда өткен турнирде топ жарған.