"Қыздар мектебіндегі 180 адамның өліміне Иран кінәлі" – Трамптың мәлімдемесі әлемді дүрсілкіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирін сәтті бастады

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирін сәтті бастады
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллс турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, осы кезеңде америкалық Хейли Баптистпен (WTA рейтингінде 43-орын) кездесті. Қазақстандық теннисші үш сет қорытындысы бойынша 7:6, 2:6, 6:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі айналымына өтті.

Елена үшінші айналымда әлемнің 28-ракеткасы, украиналық теннисші Марта Костюкпен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2023 жылы Индиан-Уэллс турнирінің чемпионы атанған. Ал 2025 жылы қазақстандық теннисші турнирдің 1/8 финалына дейін жетіп, жарыстың жеңімпазы атанған ресейлік теннисші Мирра Андрееваға (8-орын) есе жіберген еді.

Айта кетейік, биылғы турнирдің жүлде қоры – 9 415 725 доллар. Жеңімпаз 1 511 380 доллар сыйақы алып, 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.