KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Елдос Колобок” 10 жыл күткен ұлын елге көрсетті

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық блогер Елдос Колобок ұлының алғашқы туған күнін атап өтіп, әлеуметтік желіде отбасылық қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Блогердің айтуынша, ұлының дүниеге келуі оған және жұбайына өмірдегі ең қымбат мәртебе – «әке» мен «ана» деген атақты сыйлаған. Ол баласына деген шексіз махаббатын білдіріп, осы күнге аман-есен жеткендеріне шүкіршілік еткен.

«Сен өмірімізді өзгерттің, бізді де өзгерттің. Сен бізге “Әке” мен “Ана” деген атақ бердің. Біз сені шексіз жақсы көреміз. Алғашқы туған күнің құтты болсын! Осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір», – деп жазды Елдос Колобок.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →