KZNews.kz
Шоу-бизнес

Елде қатаң карантиндік шектеулер енгізілді

KZNEWS

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша шешімдер қабылдауды тапсырған болатын. Комиссия отырысында тапсырманы орындау барысы талқыланды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты "қызыл" аймақтағы өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Primeminister.kz.

"Ashyq" жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары, жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі тоқтатылады.

Демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынады



 Жұмыс күндері қызметі шектеледі



Отырыс соңында вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары