Журфактағы жанжал: ҚазҰУ ресми жауап берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Экс-қорғаныс министрі сұхбаттан кейін ұсталды

Экс-қорғаныс министрі сұхбаттан кейін ұсталды
Фото: Sputnik / Михаил Воскресенский

Грузияда бұрынғы қорғаныс және ішкі істер министрі Георгий Барамидзе ұсталды. Саясаткерге «Отанға опасыздық жасау, нақтырақ айтқанда, саботаж» бабы бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Барамидзе бұған дейін Грузия премьер-министрінің міндетін атқарған. Сонымен қатар ол Михаил Саакашвили негізін қалаған «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясының жетекшілерінің бірі болған.

Грузия Бас прокуратурасы басшысының орынбасары Амиран Гулуашвилидің айтуынша, саясаткерге қатысты қылмыстық іс сот қаулысы негізінде қозғалған. Тергеуге оның 18 шілдеде оппозициялық «Жаңа саяси орталық – Гирчи» партиясының жетекшісі Яго Хвичия жүргізетін бағдарламада берген сұхбаты себеп болған.

Прокуратура мәліметінше, 58 жастағы Барамидзе 1992–1993 жылдардағы Абхазиядағы соғыс туралы пікір білдіріп, грузин әскери күштері тұтқынға түскендерді тірі қалдырмай, сол жерде атып отырғанын айтқан. Саясаткердің сөзінше, осы жағдай грузин тарабына абхазтармен әскери тұтқын алмасуға мүмкіндік бермеген.

Алайда құқық қорғау органдары бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды. Прокуратура Грузия армиясының әскери тұтқындарды жаппай атып өлтіргені туралы айтылған деректердің расталмағанын мәлімдеді.

Барамидзенің сөзіне байланысты тергеу 7 тамызда басталған. Оған Грузияның Мемлекеттік ардагерлер істері қызметінің шағымы негіз болған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.