KZNews.kz
Саясат

Экс-президенттің қызы Дариға Назарбаева көзге түсті

Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Астана–Алматы бағытындағы тұрақты жолаушылар рейсінде көзге түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл ақпаратты блогер Әлішер Елікбаев өзінің Telegram-арнасында жариялап, ұшақ ішінде түсірілген суретті қоса ұсынды.

Блогердің айтуынша, әуе кемесі қонуға жақындаған сәтте ол жанындағы орындықта дәл Дариға Назарбаева отырғанын байқаған. Әлішер Елікбаевтың жазбасына сәйкес, бұрынғы Сенат төрағасы жеке емес, тұрақты әуе рейсімен сапар шеккен.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →