Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Назарбаева байлар тізімінде 20-орынға түсіп қалды

Дариға Назарбаева байлар тізімінде 20-орынға түсіп қалды
primeminister.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Forbes журналының 2026 жылғы ең бай қазақстандықтар тізімінде 20-орынды иеленді. Оның байлығы 550 млн доллар деп бағаланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендеген: 2025 жылы ол 17-орында болып, 571 млн доллар көлеміндегі капиталға ие еді. Басылым бұл өзгерістің нақты себептерін көрсетпеген, деп хабарлайды kznews.kz.

Дариға Назарбаева ұлы Нұралы Әлиевпен бірге "Европа плюс Қазақстан" және "Независимый Телевизионный Канал" (НТК) компанияларына иелік етеді. Сонымен қатар "DLS Group" холдингі арқылы "Регион-Медиа", "Наружная Реклама-Регионы" және "Телефабрика "Дала" компанияларында үлесі бар.

Оның сіңлісі Динара Құлыбаева бұл жылы тізімде үшінші орынға көтеріліп, 5,4 млрд доллар байлықпен бағаланған. Өткен жылы ол төртінші орында болған (5,3 млрд доллар). Динара Құлыбаева жұбайы Тимур Құлыбаевпен бірге "Алмэкс" холдингі арқылы Halyk Bank акцияларының 61,99%-ына иелік етеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер