Сеул соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің қамаудағы мерзімін тағы алты айға ұзартты, деп хабарлайды kznews.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Мерзім бойынша бұрынғы президент 18 қаңтар күні бостандыққа шығуы керек болған. Сот дәлелдемелердің жойылу қаупіне байланысты шешімді ұзартты.
Арнайы прокурорлар Юн Сок Ёльге Солтүстік Кореяға дрондар арқылы арандатушылық операция ұйымдастырды деп жаңа айып тақты. Тергеу дерегіне сәйкес, ол қорғаныс министрлігін және Біріккен штабтар комитетін хабардар етпестен дрондарды КХДР аумағына жіберу туралы бұйрық берген. Бұған дейін ол 2024 жылғы желтоқсанда қысқа мерзімге әскери жағдай енгізу арқылы билігін асыра пайдаланды деп айыпталған.
Юн Сок Ёль шілде айынан бері қамауда отыр. Сондай-ақ оның жұбайы, бұрынғы бірінші ханым Ким Кон Хи де 12 тамыздан бері қамауда, оған акция бағаларын заңсыз көтеру бойынша айып тағылған. 2025 жылдың желтоқсанында арнайы прокурорлар тобы Юн Сок Ёльді 10 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен.