Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды

"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
Фото: видеодан алынды

Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің отырысында депутат Еділ Жаңбыршин “Матен Петролеум” мұнай компаниясының бас директоры Лю Цзиньчэнге сын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Жиында “СНПС-Ақтөбемұнайгаз”, “Матен Петролеум” және “Бұзашы Оперейтинг ЛТД” филиалының сатып алуларындағы қазақстандық тауарлар мен қызметтердің үлесін арттыру мәселесі талқыланды.

Талқылау барысында Жаңбыршин “Матен Петролеум” АҚ бас директорынан компанияның отандық өндірушілермен ұзақмерзімді келісімшарттары бар-жоғын сұрады. Алғаш болып жауап беруге директордың орынбасары ұмтылғанымен, депутат бұған қарсы шықты.

- Жоқ, өзі жауап берсін. Бас директор ғой, жалақы алады. Оның үстіне жоғары жалақы алады. Лю мырза, айтыңызшы, ұзақмерзімді келісімшарттар бар ма, жоқ па?, - деп сұрады Жаңбыршин.

- Бар, – деп жауап берді ол.

- Қанша? – деп сұрады депутат.

Сол сәтте көмекшілерінің бірі Лю Цзиньчэнге сыбырлап, жауап беруге көмектесе бастады. Мұны байқаған Жаңбыршин сұрақтардың компанияға алдын ала жолданғанын еске салды.

- Сіз дайын емессіз бе? Біз бұл сұрақтарды сізге жіберген едік қой, – деді депутат.

- Менің есте сақтауым жақсы емес, – деп жауап қатты Лю Цзиньчэн.

Осыдан кейін бас директор көмекшісінің айтқанын қайталауға көшті. Бұл жағдай депутаттың наразылығын күшейтті.

- Кешіріңіз, бірақ сіз үлгерімі нашар оқушы сияқтысыз. Бас директор ретінде кіммен ұзақ мерзімді келісімшарт жасалғанын, қандай тауарлық позициялар бойынша, компаниялар қайда орналасқанын, қандай сомаға және қандай мерзімге жасалғанын нақты білуіңіз керек. Бар болғаны алты компания ғой. Ал сіз мектептегі үлгерімі төмен оқушы сияқты жауап бере алмай отырсыз, – деп Жаңбыршин оны сынға алды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі