KZNews.kz
Қоғам

Екібастұзда жаттықтырушы ерекше қыз баланы жарты сағат бойы қинаған

Ayzhan Sylanova

Әлеуметтік желіде тараған видеода In.time.in орталығының қызметкері шамамен төрт-бес жасар баланы жатқызып, үстіне отырып алып, ұрып жатқан сәт түсірілген. Видеоны жариялаған қолданушының айтуынша, бұл жағдай бейнебақылау камерасы қосылып тұрған кезде болған, сондықтан мұндай әрекет бұрыннан қайталануы мүмкін деп болжайды.

Айтуынша, бала 30 минут бойы азап көрген.

Оқиғаға байланысты Павлодар облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шакенова пікір білдіріп, Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

«Барлық бейнежазбалар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу аясында мұқият зерттеледі. Баланың жағдайы біртіндеп жақсарып келеді, психо-эмоциялық ахуалы тұрақталып жатыр», – деді ол.

Екібастұз қаласы әкімдігі де сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын растады.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары