Трансферт бөлінісіндегі жаңа тренд: өңірлер өз күнін өзі көре ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, 5 адам көз жұмды (ВИДЕО)

Екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, 5 адам көз жұмды (ВИДЕО)
Фото: Alash.kz

Жетісу облысының Ақсу ауданында болған ауыр жол апаты бес адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Оқиға 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да “Көшкентал – Қапал” автожолының 4-шақырымында тіркелген. Алдын ала дерек бойынша, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы көліктер соқтығысқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы көліктер соқтығысқан. Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы барып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған екі жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылып жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында. Полиция қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деп қосты полиция департаментінде.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер