Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

БҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, біреуі өртеніп кетті: 8 адам қаза болды

БҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, біреуі өртеніп кетті: 8 адам қаза болды
Фото: T.me/Новости Уральскa

Батыс Қазақстан облысында Toyota мен Volkswagen көліктері бетпе-бет соқтығысып, сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Қайғылы жағдай 17 қарашада Чапай – Жаңақала – Сайқын бағытындағы облыстық маңызы бар автожолдың 50-шақырымында болған. Соқтығысудан кейін көліктердің бірі өртеніп кеткен, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға орнында сегіз адамның жан тапсырғаны анықталды, тағы төрт адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін. Полиция дерегінше, апат кезінде ауа райы ашық, жол жағдайы қанағаттанарлық болған – көріну жақсы, қозғалысқа кедергі келтіретін қосымша факторлар тіркелмеген.

Оқиға орнында полиция, жедел-тергеу тобы және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді. Жолаушылар тасымалы кезінде кез келген тәртіп бұзушылық жолдағы адамдардың өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіретіні айтылады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.