Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Екі мешіттегі елу адамның өліміне күдікті азамат кінәсін мойындамады

Екі мешіттегі елу адамның өліміне күдікті азамат кінәсін мойындамады

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында екі мешітке шабуыл жасап, 50 адамды өлтірді деп күдікке ілінген австралиялық Брентон Таррант кінәсін мойындаған жоқ.

New Zealand Herald газетінің жазуынша, күдіктінің кінәсін мойындамайтыны туралы мәлімдемені сотта Тарранттың адвокаты жасаған. Айыпталушы сотқа Оклендете өзі отырған қатаң режимдегі түрмеден видео арқылы қатысты. Басылымның жазуынша, күдікті сот процесіне кекете күліп қарап отырған.

Сот отырысы кезінде судья Тарранттың оны жауапқа тартуға кедергі болуы мүмкін ешбір психикалық ауытқу жоқ екенін айтқан. Сот процесі 2020 жылдың мамырына бекітілген.

15 наурызда Жаңа Зеландиядағы екі мешітке жасалған шабуылдан кемінде 50 адам қаза тауып, 20 адам жараланған. Ел билігі оқиғаны теракт деп атады. Әлем елдерінің жетекшілері Жаңа Зеландия халқына көңіл айтып, шабуылды қатаң айыптады.

Айыпталушы шабуыл кезінде Facebook-та тікелей трансляция жасаған. Ол әлеуметтік желіде 74 беттік ұлттық манифестің мәтінін жариялаған. Онда мұсылмандарды айыптап, мигранттарды "жаулап алушы" деп атаған. Әлеуметтік желіде Таррант әлемнің кез келген жері қауіпсіз емес екенін көрсеткісі келгендіктен шабуылды Жаңа Зеландияда ұйымдастыратынын айтқан.


Azattyq
Автор
Арман