Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай тағы бір халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай тағы бір халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Болгария астанасында өтіп жатқан "Странджа кубогы-2022" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады. Кіші әлем чемпионаты атанып кеткен "Странджа кубогы" турнирінде Назым Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Ол финалда Алжир өкілі Роумайса Боуалден басым түсті. Үш раундта да төрешілер Назымды жеңімпаз деп таныған. Үшінші раундта отандасымыз тіпті, Роумайса Боуалді нокдаунға жіберген. Prosports.kz-тің хабарлауынша, ақтық сында жұдырықтасқан тағы бір отандасымыз Дина Жоламан (54 келі) болгариялық Станимира Петровадан жеңіліп, күміс медаль алған.  Одан бөлек, Дариға Шәкімова, Надежда Рябец, Римма Волосенко мен Анастасия Баязитова турнирдің қола жүлдегері атанған.

Автор
Еркебұлан