Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Екі ай бұрын жоспарлап қойдық": Мақпал Жүнісова су тасқыны кезінде концерт беріп, сынға қалды

"Екі ай бұрын жоспарлап қойдық": Мақпал Жүнісова су тасқыны кезінде концерт беріп, сынға қалды

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова елді әбігерге салған су тасқыны кезінде концерт беріп, халықтан сөз естіді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Өнер иесі жағдайды түсіндіріп, өзін сөкпеуге шақырды.

“Құрметті халайық, әрбір жерде болып жатқан топан су аяқ астынан айтпай келеді ғой. Соның барлығы тезірек өз шешімін тапса екен. Ел басқарып отырған азамат емеспін. Алдын ала жоспарланған концерттерімді беріп, үйіме қайтып келе жатырмын. Енді концерт жайлы ойларыңызды айтыңыздар. Берме десеңіздер, бермейміз. Билеттер сатылып кетіпті. Маған желіде "неге концерт бересің?" деп жазыпты. Бұл екі ай бұрын жоспарлап қойған концерт қой. Бәрі жақсы болып кетсін, аман болыңыздар", – деді Жүнісова

Өнер иесінің тыңдармандары бірауыздан қолдап, концерт беруді жалғастыруын сұрап жатыр.

“Концерттен түскен ақшаны су басқан ауылдарға аударыңыз”, “Сіздің ешқандай кінәңіз жоқ, халық концертіңізді күтеді”, “Билет сатылып кетті”, “Халық концерт көріп, көңілі көтерілсін”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.

Еске салайық, еліміздің он шақты өңірін су басып, халық қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Автор
Нұрсұлтан