KZNews.kz
Қоғам

“Егер Министр мен орынбасары әскерде болса, ешқандай былық болмас еді” - Ринат Зайытов

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары көтерген мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Ринат Заитов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың айтуынша, қорғаныс саласындағы даулы жағдайға министрліктің дер кезінде реакция білдірмеуі дұрыс емес.

“Министр шығып, жауап беру керек еді. Ол жауап бермеген соң еріксіз Президент араласты”, – деді ол.

Ринат Заитов әскердегі тәртіп мәселесін шешу үшін жоғары лауазымды тұлғалардың балалары да әскери қызметке міндеттелуі керек деген ұсынысын еске салды:

“Қорғаныс министрлігіне ‘Неге біз осы жоғары лауазымды тұлғалардың баласын әскерге баруға міндеттемейміз?’ деген ұсыныс бергенмін. Солай болатын болса мәселе өздігінше шешіледі деп ойлаймын”, – деді депутат.

Сондай-ақ ол министрлік басшылығы жағдайды түсіну үшін әскерде тікелей болу қажет екенін атап өтті:

“Қорғаныс министрі мен оның орынбасарларының бәрі казармада жүретін болса, әскерде мұндай былық болмайтын еді”, – деді Ринат Заитов.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары