Прагматикалық парадокс: солтүстіктегі мектептердің саны мен сапасы
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Аванс ретінде берілген болуы мүмкін”: Ринат Зайытов марапат алды

“Аванс ретінде берілген болуы мүмкін”: Ринат Зайытов марапат алды
Фото: Ақорда

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мемлекеттік марапат алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутат бұл жаңалықты өзі де растап, марапатты күтпегенін айтты. Оның сөзінше, сыйлықты «аванс ретінде берілген болуы мүмкін» деп бағалаған. Сонымен қатар ол бұл сенімге сай болу үшін өзіне бірнеше мақсат қойғанын жеткізді. 

«Соның біреуі орындалса, сол күні марапатты тағып шығамын», – деді ол.

Зайытов әзірге өзін бұл наградаға толық лайық деп санамайтынын да жасырмады. Оның пікірінше, мәдениет саласында бұл атаққа лайық жандар көп.

«Марапат алғаныма сәл ұялып тұрмын. Менен де лайық адамдар бар», – деді депутат.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.