Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дженнифер Лопестің шоуын ұйымдастырғандар Астанада Шакираның концертін өткізуді жоспарлап отыр

Дженнифер Лопестің шоуын ұйымдастырғандар Астанада Шакираның концертін өткізуді жоспарлап отыр

1 тамыз күні Астанада Дженнифер Лопестің сәтті өткен концертінен кейін, ұйымдастырған Малик Хасенов әнші Шакирамен келіссөздер жүргізіліп жатқанын  айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұйымдастырушы Малик Хасенов көптің көңілінен шыққан концерттен кейін қала әкімдігіне, қызметтерге және қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

“Әкімдікпен, барлық қызметпен бірлесіп бәрін жоғары деңгейде өткізуге тырыстық. Барша қала тұрғындары мен қонақтарына да алғыс айтамын, себебі осындай концерттерге бару мәдениеті қалыптасып келеді”, – деді ол.

Сондай-ақ ұйымдастырушы әнші Шакирамен келіссөздер жүргізіп жатқанын және күзге дейін келісімге келу мүмкін екенін атап өтті.

Мұндай жаңалықты естіген желі қолданушылары әлемдік жұлдызды асыға күтетін жеткізді.

“Алақай”, “Армандар орындалып жатыр”, “Шакирадан кейін Риана мен Эминемді немесе Pink-ті шақыра аласыздар ма?”, “Шакира апай, күтеміз”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.