Павлодар қаласының тұрғыны америкалық әнші Дженнифер Лопестің Қазақстандағы концертіне сатып алған билетінің ақшасын сот арқылы толықтай қайтарып алды. Ол билет үшін 376 869 теңге төлегенімен, электронды билетті ала алмаған, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға туристік агенттік арқылы рәсімделген тапсырысқа байланысты болған. Кейін тұтынушы төлемді қайтаруды талап еткенде, агенттік билет құнының тек бір бөлігін ғана қайтаруға дайын екенін айтып, соманың 30 пайызын ұстап қалмақ болған.
Алайда азамат бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінді. Істі қараған апелляциялық сот туристік агенттіктің әрекетін заңсыз деп танып, тұтынушының құқығы бұзылған деген қорытындыға келді.
Сот шешімімен туристік агенттікке билет үшін төленген 376 869 теңгені толық көлемде қайтару міндеттелді.