KZNews.kz
Шоу-бизнес

Дженнифер Лопестің концертінде жұрт бірін бірі таптап кетті

Торғын Абушахман

Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес 2025 жылғы 30 шілдеде Шарм-эш-Шейх қаласында концерт берді. Ал 1 тамыз күні 56 жастағы әнші Астанада өнер көрсетеді, деп хабарлайды Kznews.kz

2025 жылғы 8 шілдеден 10 тамызға дейін Лопестің алты жылдан кейінгі алғашқы халықаралық гастрольдік туры – «Up All Night» өтіп жатыр. Бастапқыда әншінің Мысырдағы концерті 4 шілдеге жоспарланған болатын, алайда концертке аз уақыт қалғанда ол 30 шілдеге ауыстырылғаны хабарланды. Бұған орындаушының гастрольдік кестесіне енгізілген түзетулер себеп болған.

ТАСС тілшісінің хабарлауынша, Лопестің Мысырдағы концерті үлкен ажиотаж туғызып, кіреберіс маңында адам кептелісіне алып келді.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →