Бектенов Алматы ЖЭО-ларындағы жаңғырту жұмысын шұғыл тексеруге тапсырма берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дұрыс көпбұрыштар деген не?

Дұрыс көпбұрыштар деген не?

Дұрыс көпбұрыштар дегеніміз барлық қабырғалары және іргелес жатқан қабырғалар арасындағы бұрыштары тең фигуралар.

Мысалы тең қабырғалы үшбұрыш дұрыс көпбұрыш болады:

Осы үшбұрыштың барлық қабырғалары және іргелес жатқан қабырғалар арасындағы бұрыштар тең болады.

Басқа дұрыс көпбұрыштар мысалдары:

Дұрыс көпбұрыштың іргелес жатқан қабырғаларының арасындағы бұрыш мына формула арқылы аңықталады:

a = 180*(n-2)/n

Мысалы дұрыс үшбұрыш үшін n=3, a = 180*(3-2)/3 = 600

Ал квадрат үшін n=4, a = 180*(4-2)/4 = 900.

Жаттығу ретінде дұрыс бесбұрыштың бір бұрышын және бұрыштардың жалпы соммасын есептеңіз.

Пән: Геометрия

Автор
Арман