АЛМАТЫ, 9 желтоқсан — Sputnik. "Дүниежүзі аруы - 2019" байқауында Оңтүстік Африка республикасының өкілі Зозибини Тунзи жеңіске жетті.
"Оңтүстік Африка республикасының өкілі "Дүниежүзі аруы-2019" атанды", - делінген байқаудың Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Биылғы конкурста екінші орынға 24 жастағы Мэдисон Андерсон (Пуэрто-Рико) ие болса, 25 жастағы София Арагон (Мексики) үшінші орыннан көрінді.
"Дүниежүзі аруы - 2019" байқауына 93 елдің өкілі қатысты. Ресей биылғы байқауға барған жоқ. Себебі осы елдің өкілі виза алып үлгермеді. Сұлулық сайысы АҚШ-тың Атланта қаласында өтті.
Қазақстан атынан кім қатысты?
"Дүниежүзі аруы-2018" байқауында Қазақстанның атынан 18 жастағы Әлфия Ерсайын қатысты. Былтыр ол "Қазақстан аруы" атанған болатын.