"Дұға жасап отырмыз": Бақытжан Базарбек өзі түскен жол апатына қатысты мәлімдеме жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Дұға жасап отырмыз": Бақытжан Базарбек өзі түскен жол апатына қатысты мәлімдеме жасады

"Дұға жасап отырмыз": Бақытжан Базарбек өзі түскен жол апатына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: t.me/mazhilis_kz

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзіне қатысы бар жол апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Экс-депутат болған жағдайға байланысты көптеген болжамдар мен түрлі әңгімелерге жауап бере алмайтынын, қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында өзі мен жұбайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеу туралы қолхат бергендерін айтады.

"Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қазір қажетті сараптамалардың жүргізілуі күтілуде. Тергеп-тексеру органдары заң талаптарына сәйкес болған оқиғаның барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға береді деп сенемін. Қазір мен үшін ең бастысы — зардап шеккен азаматтың өзіне, жақындары мен туыстарының қасында болып, оларға қажетті көмек көрсету. Біз бірнеше күн бойы іс жүзінде ұйықтамай, оның туған-туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп, дұға жасап отырмыз. Көрсетілген шұғыл медициналық көмек үшін аудандық аурухананың барлық дәрігерлеріне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына ерекше алғысымды білдіремін", - деп жазды Базарбек әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде қазірдің өзінде түрлі нұсқалар мен алып-қашпа әңгімелер тарап жатыр.

"Баршаңызды асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырамын. Осы қиын күндерде алаңдап, қолдау көрсетіп жатқан баршаңызға рахмет!", - деп аяқтады сөзін ол.

Зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

Жол апатынан зардап шеккен 37 жастағы ер адам 15 тамыз күні сағат 20:21-де ауруханаға жатқызылған. Қазір ол анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, науқастың жағдайы өте ауыр. Оған политравма, ауыр бас-ми жарақаты, миының соғылуы, екі жақ қабырғаларының бірнеше жерден сынуы, екі жақты гемопневмоторакс, оң жақ балтыр сүйектерінің ашық сынуы және II–III дәрежелі травмалық шок диагнозы қойылған.

«Науқастың жағдайы политравма мен ауыр травмалық шокқа байланысты өте ауыр. 2026 жылғы 15 тамызда науқасты облыстық мамандар — нейрохирург, реаниматолог және торакалды хирург тексерді. Тиісті ұсыныстар берілді. Емдеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Зардап шеккен адам комада жатыр және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota көлігінің жүргізушісі жолдың жүретін бөлігінде тұрған ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен азамат орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.Бастапқыда полиция көлік жүргізушісінің аты-жөнін атамаған. Тек рөлде Б. есімді азамат болғанын хабарлаған. Кейін Бақытжан Базарбек жол апатының өз қатысуымен болғанын растады.

Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі