Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дубайда жүрген Мадина Сәдуақасова оқырмандарының талқысына түсті

Дубайда жүрген Мадина Сәдуақасова оқырмандарының талқысына түсті

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова ұлын ертіп Дубайға саяхатқа аттанған. Алайда ел аралап жүрген әншінінің әрекеті күнін әрең көріп отырған кей желі қолданушыларына жақпай қалған, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

"Үш күн бойы күннің астында шыжғырылып, теңіздің суына әбден тұздалған бізден сәлем", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Алайда кейбір желі қолданушылары әншінің саяхат кезінде түскен суретіне шағым айтқан. "Мынадай қымбатшылық заманда осылар-ақ қыдырып, демалып жүреді. Ақшаны күреп жатыр-ау", "Ақшалары қалталарына сыймай жатқан шығар", "Ақшамыз несиеден артылмайды. Несие алмасаң тағы болмайды. Былай тартса, былай жетпейді", "Нанымызды әрең тауып жеп отырмыз", - деп пікір білдірді желідегілер.

Айта кетейік, желі қолданушылары арасында әншінің сапарына тек сәттілік тілегендер де бар. Олар әншініңын жеткізген. "Ұлыңызбен демалысыңыз жақсы өтсін", "Демалыс сәтті өтсін", - деді олар.

Автор
Нұрсұлтан