KZNews.kz
Шоу-бизнес

ДСМ: 11-22 наурызда қазақстандықтар демалады деген ақпарат жалған - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

WhatsApp желісі арқылы қазақстандықтар үшін наурыздың 11-22 аралығында карантин жарияланады, сол себепті бұл күндері демалыс юолып жарияланды деген ақпарат жаппай тарала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Денсаулық сақтау министрінің үкімімен 11-22 наурыз аралығында демалыс жарияланады", - делініпті хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұл хабарламаны жоққа шығарды. 

"Бұл - ақпарат жалған. Қазақстандықтардың қай күндері демалатындығын үкімет шешеді", - деп мәлімдеді Ахметшәріп. 

Еске салайық,  алдағы уақытта еліміздің тұрғындары 21-25 наурыз аралығынада демалысқа шығады.  


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →